Атырау, 28 сәуір 23:38
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​Тұрақтандыру қоры коммуналдық базарға ет шығарды

3 761 просмотра

Image 0Облыстың тұрақтандыру қорының тауарлары қазаннан маусымға дейін сатылады. Осы мерзімнің жартысы өтті, ал азық-түлік қорының тек төрттен бірі ғана таусылды. Жұмыртқа, тауық аяқтарының қоры әлі күнге дейін ашылмады. Бұл туралы «Атырау» ӘКК басқармасының төрағасы Абат ТАСИМОВ біздің редакция сауалына берген жауабында жазған еді.

– Күзде облыстың тұрақтандыру қорына қанша азық-түлік – картоп, пияз, қызылша, сәбіз, орамжапырақ пен ет жиналды?

– Өңірлік тұрақтандыру қорына жеткізу көлемі 4 085 тонна ауылшаруашылық өнімдерін құрады. Картоптың 56 теңгеден 1 985 тоннасы (осы жерде және әрі қарай бағалар бір келі үшін теңгемен көрсетілген), пияз – 50-ден 1 494 тонна, сәбіз – 54-тен 300 тонна, қызылша – 56-дан 50 тонна, орамжапырақ – 51-ден 250 тоннасы сатып алынды.

Жеткізу келісімшарты тек жергілікті ауыл шаруашылық өнімін өндірушілермен жасалды.

– Шаруалармен келісімшарттар қандай негізде жасалады?

– Ауылшаруашылығы тауарларының жоспарланған көлемін кепілдікпен сатып алу, сондай-ақ, жергілікті шаруаларды қолдау мақсатында шығындарды алдын ала қаржыландыру арқылы 2013 жылдан бастап «Атырау» ӘКК облыстағы 42 шаруамен форвардтық келісімшарттар жасады. Олардың ішінде «Феликс», «Кан Г.В.», «Наурыз», «Дастан» шаруа қожалықтары және «Зеленое поле» агрохолдингі анағұрлым ірілері болып табылады.

– Тұрақтандыру қорына қанша күріш, ұн, макарон, қант, ет, өсімдік майы сатып алынды?

– Өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру үшін 2014 жылы 710 тонна азық-түлік тауарлары (тоннамен) сатып алынды – қант – 240, өсімдік майы – 100, сары май (спред) – 10, қарақұмық жармасы – 30, макарондар – 60, күріш – 180, жұмыртқа – 60 (1 млн дана), тауық еті – 15, тауық аяғы – 15 тонна.

2015 жылы тұрақтандыру қорына азық-түліктер сатып алынбады. Сиыр етінің қорын қалыптастыру үшін облыстың шаруа қожалықтарына 2013 жылы қаржылар төленді. Сол кезде сатып алынған еттің көлемі 20 тоннаны құрады. Осы ет көлемінің қалдығы бүгінгі күні 6,5 тоннаны құрайды.

– Сіз осы азық-түліктердің босату бағасын атасаңыз.

– Сату бағасы мынадай: картоп – 70, пияз – 65, сәбіз – 70, қызылша – 70, орамжапырақ – 65, сары май (спред) – 360, макарондар – 140, сиыр еті – 1 000 теңге. Өткен жылғы қыркүйектен бастап облыс базарларында аталмыш тауарлардың 1 214 тоннасы сатылды.

Азық-түліктерге неліктен интервенция жүргізбейсіздер? Бағалар өсіп жатыр ғой. Атап айтқанда, қаңтардың аяғынан бастап ет 1 000-нан 1400 теңгеге дейін қымбаттады.

– Тұрақтандыру қорының тауарлары облыстың 63 сауда нүктелерінде, соның ішінде Атырау қаласының 36 сауда нүктесінде сатылады.

– Облыс базарларындағы азық-түліктердің – ет, сүт, шай, орамжапырақ, картоп, сәбіз, макарондар, сары және өсімдік майларының бүгінгі бағаларын атасаңыз.

– «Казагромаркетинг» АҚ мәліметтеріне сәйкес, 2016 жылғы 2 ақпандағы ахуал бойынша аталмыш азық-түліктердің бөлшек бағалары: сиыр еті – 1 000, сүт – 230, шай – 1 378, орамжапырақ – 121, картоп – 93, сәбіз – 120, макарондар – 145, сары май (спред) – 483, өсімдік майы – 297 теңге.

Image 1

– Бүгінде аталмыш азық-түліктердің қанша қоры қалды?

– Бүгінгі күні тұрақтандыру қорында 2 927 тонна азық-түлік бар. Оның ішінде ауылшаруашылық өнімдері (тоннамен): картоп – 1 542, пияз – 1 152, сәбіз – 139 тонна, орамжапырақ – 92, азық-түлік тауарлары: сары май (спред) – 7,4, макарон – 47,9, жұмыртқа – 60 (1 млн дана), тауық аяғы – 15, сиыр еті – 6,5. Бұл көлем облыс халқын ағымдағы жылдың маусымына дейін азық-түліктермен қамтамасыз етуге есептелген.

«Атырау» ӘКК-нен анықталғандай, сенбіде «Сарайшық» коммуналдық базарының саудагерлері төмендетілген бағамен ет сатудан бас тартқаннан кейін осы базардың сөрелеріне тұрақтандыру қорынан біршама ет жеткізіліпті (оның 2014 жылы сатып алынғанына қынжылтпауы тиіс. Тірі мал сатып алынып, ол 2014 жылы емес, қазір сойылған). Біз тексерген едік: жексенбіде «Сарайшықта» етті төмендетілген баға бойынша сатып жатты.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

16 ақпан 2016, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.