«Өзен мұзына автокөлікпен шығу өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан да Атырау облысында мұз үстінде автомашинамен жүруге тыйым салынды»,- деп хабарлады «АЖ»-ға ҚР ІІМ ТЖК БӨАШҚО су астынан құтқару қызметі басшысының орынбасары Самат ҚҰМАШЕВ.
- Қала шегінде Жайық өзені мұзының қалыңдығы қазір орта есеппен 14-15 см құрайды. Индер және Махамбет аудандарында 20 см. Ұзақ уақыттан бері сақталып отырған жылы ауа райына қарамастан мұз әлі тығыздығын жоғалтпаған. Барлық қауіпсіздің шараларын сақтап жүрсе, адамдарға мұз үстінде жүруіне болады. Ал автокөлікпен мұзға шығуға болмайды – тыйым салынды,- дейді ол.
Сондай-ақ ол Ганюшкино ауылы маңындағы Шора және Қиғаш өзендерінде қазірдің өзінде мұздың еріп кеткенін атап өтті.
Тамара СУХОМЛИНОВА
16 ақпан 2016, 10:24
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.