Атырау, 28 сәуір 14:52
 ашықВ Атырау +18
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Құлсарыда алаяқ ақшаны қайтаратын болды

1 744 просмотра

Атырау облысының Жылыой аудандық соты алаяқ Ф.З.-ға бостандығын шектеу жазасын белгіледі.

Бес алданған адам оған әр түрлі ЖШС-терге жұмысқа кіргіземін деген уәдесі үшін 500 мың теңгеге жуық ақша берген. Қазақстан Республикасының ҚК-ның 190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айыпкер өз кінәсін толықтай мойындап, өкінішін білдіріп, барлық келтірілген материалдық шығындарды өтеймін деп сөз берді. Сот сотталушының бұрын сотталмағаны сияқты жеке деректерін есепке алып, Ф.З. кінәлі деп тауып, бір жылға бостандығын шектеу жазасын тағайындады,- деп хабарлайды Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

16 ақпан 2016, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.