Атырау, 4 мамыр 07:09
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Атырауда төбелес кезінде адам атылды

3 841 просмотра

10 ақпанда түн ортасында Балықшы – Жұмыскер көпірі мен Рембаза ауылының маңында екі топ төбелесіп, оқ атылды, 5 адам жарақаттанды.

Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ ақпараты бойынша, жараланғандардың біреуі «жедел жәрдем» көлігінің ішінде ауруханаға жетпей қайтыс болған. Атырау қалалық ІІБ және облыстық ІІД криминалдық полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдіктілерді (нақты саны айтылмайды) ізін суытпай тауып, ұстады. 1993 жылы туған күдіктілердің бірі уақытша оқшаулау абақтысына қамалды, қалғандары ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Адамдарға осыдан оқ атылған деп болжанып отырған шолақ мылтық тәркіленді. Сараптама тағайындалды. ҚР ҚК-нің 99-бабы («Кісі өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тексеру жүріп жатыр.

Тамара СУХОМЛИНОВА

15 ақпан 2016, 17:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.