Атырау, 28 сәуір 12:39
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«Ұрлап кетті дейсіз бе? Ал біз ұстадық!»

3 045 просмотра

Image 0Жергілікті полиция қызметкерлері 14 ақпанға қараған сенбі түнінде із суытпай қатарынан екі қылмысты ашты.

Ұрланған күміс түстес ВАЗ-2110 көлігі қожайынының жолы болды. Ол Абай көшесі, №17 үй алдында тұрған көлігінің ұрланғанын білген кезде, полицейлер оны ұрлаушылардан мойындау жауаптарын алып болған еді.

Учаскелік полицей инспекторы Байбек ШОТАЕВ пен жол-патрульдік полиция батальонының полицейі Ержігіт БИСЕНҒАЛИЕВ Томарлы поселкесінде қызмет етіп жүрген. Маршрутқа патруль жүргізу кезінде сағат 01.30 шамасында олар «Нұрай» кафесінің алдынан мемлекеттік нөмірі жоқ күмәнді көлікті байқайды. Салонда жергілікті екі тұрғын болған. Қолдарында көліктің құжаттары болмаған, мемлекеттік нөмірдің жоқтығын түсіндіріп бере алмаған. Жағдайды анықтау үшін олар Атырау ІІБ кезекші бөліміне жеткізілді. Бірнеше сағаттан кейін «102» пультіне өз көлігін іздестірген көлік иесінен қоңырау түсті, - деп хабарлады телефан арқылы Атырау қалалық жергілікті полицей қызметінің бастығы Ерлан БИҒАМБАЕВ.

Зардап шегуші өз көлігін таныды, ұрлықшылар ұсталды. Олардың бұрын осындай қылмысқа ықтимал қатыстылығы тексерілуде.

Сол түні сағат 02.40 шамасында Атырау қалалық жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері учаскелік инспектор Төлеген УДРЕЕВ пен жол-патрульдік полиция батальонының полицейі

Абылай САҒЫНОВ Привокзальный бесінші ықшамаудандағы №20 үйдің ауласынан жас жігітті тоқтатады. Тексеру кезінде одан «Волга» көлігінің техникалық төлқұжаты, қолдан жасалған пышақ, автомагнитола пульті, дрель, екі автомобиль домкраты... табылады. Оның сол түні екі көлікті бұзып үлгергені анықталды. «Волгадан» бөлек әлдебіреудің «Нивасы» да зардап шеккен.

Қылмыс жасады деген күдікпен ұсталушы ҚР ҚК-нің 188-бабы («Ұрлық») бойынша мойындау жауабын беріп, заттай айғақтармен бірге тергеу-жедел тобына берілді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

16 ақпан 2016, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.