Атырау, 3 мамыр 20:21
 ашықВ Атырау +10
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Бұл жерде нашар көретіндерге көмектеседі

9 410 просмотра

Image 1Облыстық есту қабілеті бұзылған балалардың арнайы коррекциялық мектеп-интернатында нашар көретін балаларға арналған үш коррекциялық сынып өз жұмысын бастады. Мұны айтарлықтай жаңалық деуге болады, өйткені Атырауда көру қабілеті бойынша мүгедектігі бар балаларға арналған бірде бір оқу орны жоқ.

- Бұған дейін біздің мекеме Химпоселкедегі ғимаратта орналасты. Желтоқсанда бізге бұрын сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат орналасқан орынжайға көшуді ұсынды. Ғимарат 90 балаға арналған. Бізде қазір 61 бала бар. Оқу кабинеттерінен бөлек, ауданнан келген балалар тұратын бөлмелер бар. Ғимарат алаңы тағы да оқушылар қабылдауға мүмкіндік береді. Сондықтан облыстық білім беру басқармасында нашар көретін балаларға арналған коррекциялық сыныптар ұйымдастыруды ұсынды. Бірінші қабаттағы қойма орынжайларын оқу кабинеттеріне қайта жарақтау ұйғарылды, - деп бөлісті мектеп-интернат директоры Фатима БАЙМҰХАНОВА. – Облыстық әкімдіктің, NCOC компаниясының, халықаралық «PIXERA Global» ҮЕҰ қолдауымен мектеп-интернатта оқу кабинеттері, Монтессори бөлмесі, тифлопедагог кабинеті жабдықталды.

Биылғы ақпан айынан бастап осы мекемеде жалпыға білім беретін мектепке бара алмай, үйден сабақ оқитын көру қабілеті бұзылған балаларған арналған (екі қазақ және бір орыс тілдерінде оқытатын) 3 бастауыш сынып жұмыс істей бастады.

Image 0Балалармен дефектологиялық білімі бар бірінші және екінші санатты мұғалімдер, сондай-ақ, облыстағы бірден бір тифлопедагог Сайрагүл ЗАЙДОЛЛА жұмыс жасайды.

- Оқу процесінің өзі жалпыға білім беретін мектептердің стандарты бойынша өтеді. Бірақ балалардың, олардың ерекшеліктері ескеріліп, қосымша сабақтар өткізіледі, - деп әңгімелейді ол. – Коррекциялық сабақтар – бұлар кеңістікке бағыттама, көру арқылы қабылдауды дамыту, бейімдейтін дене шынықтыру, әлеуметтік-тұрмыстық бағыттама, мимика мен пантомимика, тіл дамыту. Мектеп интернаттың басқа да тәрбиеленушілері келетін Монтессори бөлмесінде балалар жалпы дамуға көп әсер ететін ұсақ моториканы дамытады. Бізде релаксация мен аудиосабақтар үшін уақыттар бөлінген. Солардың барысында біз балаларды түрлі дыбыстарды ажыратуға үйретеміз.

Бүгінде коррекциялық сыныптарға 14 бала барады, алайда сыныпта 6-12 оқушыға дейін болу керектігін ескерсек, мектеп-интернаттағылар таяу уақытта бұл жерге тағы да оқушылар келетіндігіне сенімді.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

15 ақпан 2016, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.