Атырау, 3 мамыр 23:25
 ашықВ Атырау +10
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Мәслихатқа үміткерлерді ұсыну жүріп жатыр

2 000 просмотра

Фото: "АЖ" мұрағатынан20 қаңтарда облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттығына үміткерлерді ұсыну басталды. 11 ақпанға дейін Атырау облысында түрлі деңгейдегі мәслихаттардың депутаттық орындарына 334 үміткер ұсынылған.

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асау ИБРАШЕВТЫҢ ақпараты бойынша, облыс ішінде үміткерлерді ұсыну келесідей: облыстық мәслихатқа 43 үміткер, қалалық мәслихатқа – 50, аудандық мәслихатқа 241 үміткер ұсынылған. Осы 334 үміткердің 227-сі өзін-өзі ұсынған тұлғалар. Облыстық мәслихатқа 42 тұлға өзін-өзі ұсынса, қалалыққа 31, аудандыққа 154 адам ұсынылған.

Үміткерлердің 87,7%-ы жоғары, 8,8%-ы арнаулы орта, 3,5%-ы орта білімді.

Үміткерлерді ұсыну 19 ақпанға дейін созылады. 23 ақпанға дейін тіркейді. Ал 24 ақпаннан сайлауалды насихат жұмыстары басталады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

15 ақпан 2016, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.