Атырау, 4 мамыр 01:16
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Мейрамханадағы кісі өлімі (толықтырылды)

3 385 просмотра

12 ақпанға қараған түні Атырау қаласындағы «Муслим» мейрамханасында екі келуші арасында төбелес болып, қатысушылардың бірі 44 жастағы Асқар Жұмағалиев алған жарақаттарының салдарынан сол жерде қайтыс болды.

Төбелес сөзге келісіп қалғаннан кейін пайда болған, екі ер адам бір-бірін танымайды екен. Күдіктінің аты-жөні анықталды. Бұл – 30 жастағы Атырау қаласының тұрғыны.

Қолымызда әзірге ресми ақпараттар жоқ. Қайтыс болған адамның туыстары әлеуметтік желіге 12 ақпан күнгі ҚІІБ-нің іздестіру парағының фотокөшірмесін салды, онда А. Жұмағалиевтің өліміне күдіктінің аты-жөні көрсетілген. Бұл 30 жастағы А.М. деген азамат екен. Іздестіру парағында оны ұстау бойынша іс-шаралар қабылданып жатқаны хабарланған.

«АЖ»-ға Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлназира МҰХТАРОВА хабарлағандай, қылмыс жасады деген күдіктіні Атырау қалалық ІІБ және облыстық ІІД криминалдық полиция қызметкерлері келесі күні ұстаған.

- Күдікті 1985 жылы туған Атырау қаласының тұрғыны екен. Қазір ол уақытша оқшаулау абақтысына қамалды. ҚР ҚК-нің 106-бабы («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тексеру жүріп жатыр. Тергеудің мүддесі үшін басқа ақпараттар берілмейді,- деді Г. Мұхтарова.

Тамара СУХОМЛИНОВА, Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

14 ақпан 2016, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.