Атырау, 8 қазан 05:59
 ашықВ Атырау +21
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Баға да, зейнетақы да өсті

3 453 просмотра

Жаңа жылдан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) және төменгі күнкөріс миниумының (ТКМ) мөлшері өсетін болады. Соған сәйкес түрлі төлемдер мөлшері де өзгермек.  Зейнетақы өз кезегінде 9% өседі.

 «Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап төменгі күнкөріс минимумы 17 439 теңгені құрайды, ал, бүгінгі күні 1 512 теңгеге тең айлық есептік көрсеткіш көлемі 1 618 теңгені құрайтын болады. Осыған байланысты көнкөріс минимумы және АЕК негізіне есептелетін бірқатар әлеуметтік төлемдер көлемі де артады», -деп мәлімдеді Атырау облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау және бақылау жөніндегі департамент директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Мәншүк ЛЕПЕСОВА. Айталық, егер, бүгінгі күні бала туылғаны үшін берілетін бір жолғы (4 балаға дейінгі) жәрдемақы 45 360 теңге (1 512 теңге х 30 АЕК), ал, төртінші және одан кейінгі балаларға берілетін жәрдемақы 75 600 теңгені (1 512 теңге х 50 АЕК) құрайды. Енді жаңа жылдан бастап бұл төлемдер тиісінше 48 540 және 80 900 теңгені құрайтын болады. Келесі жылы төменгі зейнетақы  17 491 теңгеге, ал, базалық зейнетақы төлемдері  8 720 теңгеге (бүгінде ол 8 000 құрайды) тең болады. Зейнетақы төлем мөлшерін есептеу барысында ескерілетін жоғарғы кіріс 63 102 теңгені (39 АЕК) құрайды. Бұл тұрғыда жаңадан тағайындалған зейнетақының жоғарғы мөлшері бұл сомадан 75% аспауы тиіс және  47 327 теңгеге (63 102 теңгенің 75%) тең болуы керек.

Алайда, бүгінгі таңдағы бағалардың, әсіресе, коммуналдық тарифтердің өсуі барысында, бұл үстеменің артықшылығы сезіле қоймайды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

28 қараша 2011, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.