Атырау, 26 сәуір 16:27
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Абақтыда жасалған бұйымдар көрмесі

12 046 просмотра


Маман киімдері, төсек-орындар, үйде киетін халаттар, ағаштан жасалған сувенирлер, жиһаздар мен басқа да көптеген заттар түзету мекемелерінде жазаларын алып жатқан сотталушылардың қолымен жасалған бұйымдардың жәрмеңке-көрмесіне қойылды. Жәрмеңке «Ақ Желкен» шығармашылық орталығының көрме залында өтті.

УГ-157/9 (жалпы режимдегі ерлер колониясы) және УГ-157/11 (жалпы режимдегі әйелдер колониясы) түзету мекемелерімен белсенді түрде жұмыс жасайтын кәсіпкерлер бар. Олар сол жерде ғимаратты жалға алып, сотталушылар қатарынан жұмысшыларды жалдап, өндірісті жолға қойған. Мәселен, «Эртри» ЖШС әйелдер колониясынан тігін цехын ашты. «Люмик» ЖК ағаш пен металл жеткізеді, одан сотталушылар бірегей сувенирлер, жиһаздар мен көптеген дүниелер жасайды. Осылайша, бізде қазір 220 тұтқын жұмыс жасауда. Бүкіл бұйымдар түзету мекемесінен тысқары жерде сатылады, - деп әңгімеледі Атырау облыстық қылмыстық-түзету жүйесі департаменті бастығының орынбасары Ризабек ДӘУЛЕТОВ. Бұл бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің көрнекі мысалы. Бұл бір кездері аяқтарын шалыс басып, енді түзелуді алдына мақсат етіп қойған адамдарға шынайы көмек. Өндірісте жұмыс жасап жүрген олар өздеріне деген сенімді жоғалтпай, бостандыққа шыққаннан кейін тірлік етуге дайындалады. Өйткені бұл кәсіптері болашақта жұмысқа орналасу кезінде кәдеге жарап қалуы мүмкін.

«Эртри» ЖШС үш жылдан бері әйелдер колониясымен жұмыс істейді.

Бір кездері ол жерде тігін цехы іске қосылды, біз жабдықтарды реттеуге көмектестік. Содан кейін бірге жұмыс істеп көруді ұйғардық, - дейді ЖШС директоры Олег ТАСУНЬЯН. – Бүгінде біздің тігін цехымызда 18 тұтқын жұмысқа орналасқан. Технологтың көмегімен олар құрылыс және мұнай компаниялары үшін маман киімдерін тігеді. Жұмыс істегісі келетіндер жеткілікті. Жасалған өнімдерге қарай келісіммен ақы төленеді. Біреуі айына 25-30 мың, ал енді бірі – 50-60 мың теңге ала алады.

Жәрмеңкеге «Люмик» ЖК атынан қатысқан Николай ВЛАСОВ ерлер колониясында жасалған сувенир өнімдерді: нәзік суреттері бар сандықшаларды, әдемі етіп жасалған көлемді сандықтарды, нардтар мен басқа да заттарды қойған.

Біз олардың көпшілігінің қолы алтын екенін жақсы білеміз. Бұрын түрмеде жасалған бұйымдарды сату заңсыз деп есептелетін, сондықтан оны сыртқа шығаруға тыйым салынатын. Бүгінде бәрі жеңілдетілген. Тұтқындар біз арқылы өз бұйымдарын саттыққа шығарады да, өз пайыздарын алады, - дейді Власов. – Бұдан басқа, кез келген ниет білдіруші біз арқылы жеке тапсырыспен айрықша зат жасата алады. Жігіттер металлдан гүл тұғырынан бастап, қақпа, жиһаз секілді күрделі бұйымдарды жасай алады. Өздеріңіз түсінесіздер, олардың өнімдерінің бағасы нарық бағасынан едәуір төмен. Бір жаманы – бізде өз өнімдерімізді қоятын орынжай жоқ. Қазір осы мәселені шешудің жолын қарастырудамыз.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор


2 ақпан 2016, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.