Атырау, 12 қазан 13:51
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Жалақы жазда өседі

4 188 просмотра

Дәрігерлер, мұғалімдер, тәрбиешілер және барлық бюджеттік мекемеде жұмыс жасайтындар президент уәде еткен жаңа жылдағы жалақыларының өсуін тағатсыздана күтуде.

«Мен тәрбиеші болып жұмыс жасаймын, алатын жалақым 25000 теңге айдың аяғына дейін жалақыны қалай жеткізерімді білмеймін, әрбір тиынды үнемдеуге тура келеді. Ал, дүкендерге кірудің өзі қорқыныш, бәрі көз алдыңда қымбаттап жатыр. Жаңа жылда еңбекақымызға аз да болса бірдеңе қосылар ма екен?»,-деп сұрайды біздің оқырманымыз.

Өткен жылдың соңында Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара ӘБДІХАЛЫҚОВА еліміз президентінің тапсырмасы бойынша 2011 жылы бюджеттік мекеме қызметкерлерінің еңбекақысы 30 пайызға өсірілетіндігін мәлімдеген болатын. Алайда, осы мәселеге орай мән-жайды білу үшін біз хабарласқан ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің Атырау облыстық басқармасының бастығы Мұхит ІЗБАНОВ бюджеттік мекеме қызметкерлерінің еңбекақысы тек 1 шілдеден бастап қана өсетіндігін айтты.

Еңбек министрінің мәлімдемесінен кейін бірден-ақ  өскен дүкен сөрелеріндегі азық-түліктер  бағалары тұрақтамай бара жатқандығын ескерсек, бюджет мекемесіндегі қызметкерлердің «жаңажылдық» үстемені сезіне қоюы екіталай болар.  

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

12 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.