Атырау, 11 қазан 17:08
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Ескінің орнына жаңасы салынды

3 560 просмотра

24 желтоқсанда Бірінші учаскедегі қалалық су тазарту құрылғысында салтанатты түрде №3 сүзгілеу стансасы іске қосылды.

№3 сүзгілеу стансасы қаладағы су тазарту құрылғыларының ішіндегі ең қуаты азы болатын. Ол тәулігіне 10 мың текше метр ауыз су өндіретін. Ол кезде қалған 3-уі 30 мың текшеден өндіретін еді. «Теңізшевройл» қуаты аз құрылғыны қайта жарақтауға 1,67 млрд. теңге бөлді. Су тазарту құрылғысындағы жұмыстар «Игілік» бағдарламасының аясында 2008 жылдан бері жүргізіліп келеді. Бұрынғы станса күреліп, оның орнына араластырғыш камерасы, флораторлары және сүзгілері бар жаңасы салынды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген В.Истомин

6 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.