Атырау, 26 желтоқсан 17:13
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Бұл қыс қоян үшін қауіпті

6 670 просмотра

Атыраулықтар үшін дәмді тағамдардың бірі – қоян етінен жасалған қуырдақ.

Бұл аңды жыл сайын 15 қараша мен 15 ақпан аралығында аулайды. Қазіргідей қыстың қары аз болса, қоян еш жерде жасырына алмайды, өйткені оның түсі ақ боп келетіндіктен, алыстан көзге шалынады.

Аңшылардың айтуынша, қазір қоянды қала маңындағы отыз-қырық шақырым жерден күндіз шырақ алып іздесең де таба алмайсың. Ал осыдан он жыл бұрын қуатты шамның күшімен екі бірдей қоянды қолмен ұстап алуға болатын еді. Өйткені қояндар қас қарайғаннан таңға дейін жұптасып жүреді.

Жаңа жыл басталған соң қоян аулау үшін қаруланудың қажеті бола қояр ма екен. Облыстық аңшылар қоғамында қазір қоян суреті салынған бірде бір марка жоқ. Өйткені аңшылық басталар алдында мергендер қоғамға келіп, өздері қанша аң ауласа, сонша марканы сатып алуға тиіс екен. Маркада ауланатын аңның суреті бейнеленеді.

Аңшылар қоғамында қаңтар айында 2011 жылға қажетті маркалардың мөлшерін әкелуге уәде берген. Жыл сайын орман және аң шаруашылығы аумақтық басқармасы аңшылар қоғамына 1000 «қоян» маркасын жібереді. Аңшылар қоғамындағылар Қызылқоға ауданындағы Тайсойғанда немесе Құрманғазы ауданының кез-келген жерінде қояндарға аңшылық етуге кеңес береді. Тек қамыстар арасынан ауламау керек, өйткені олар бұл жерлерде мекендей алмайды, ол жерде қасқырлар көп.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

6 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.