Атырау, 7 қазан 21:28
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Астана» - «Галатасарай» ойынын тамашалауға 71 елдің жанкүйері қызығушылық танытқан

1 405 просмотра

АСТАНА.ҚазАқпарат - 21 қыркүйекте Чемпиондар лигасының «Астана» және «Галатасарай» футбол клубтарының ойынына билеттер онлайн сатыла бастады. Бұл уақытта 71 елдің тұрғындарын аталған матч қызықтырғаны.

Билеттерді сату бойынша интернет-ресурсқа кіргендердің басым бөлігі Ресей, Литва, Ұлыбритания, Түркия, Германия, Украина, Нидерланды азаматтары. Әлемнің 454 қаласынан Астанада өтетін матчқа қатысты сауалдар түсті, деп хабарлады «Астана» спорттық клубының баспасөз қызметінен.

Атап өту керек, қазіргі уақытта билеттердің 90 пайыз сатылды. Кез келген адам билетті онлайн режімде, немесе «Меломан» дүкені және «Астана-Арена» стадионының кассаларынан сатып ала алады.

Дереккөз: inform.kz

30 қыркүйек 2015, 15:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.