Атырау, 28 қараша 01:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ұлттық банк 137,5 миллион долларға интервенция жүргізді

1 715 просмотра

ҚР Ұлттық банкі 29 қыркүйекте 137,5 миллион долларға валюта интервенциясын жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осылайша интервенцияның жалпы көлемі 832,2 миллион доллардан асты. Айта кетейік, 29 қыркүйек кешкі сессиясында доллар бағамы 271,54 теңгеге тең болды, ал сауданың жалпы көлемі 4,5 миллион доллардан асты.

Сонымен қатар, Ұлттық банк тамыздағы Қазақстан Республикасының айырбастау орындарының қолма-қол шетел валютасын сатуы және сатып алуы жөніндегі ақпартты жариялады. Доллар бойынша ең жоғарғы көрсеткіш Алматыда болды. Қазақстан бойынша 1 548,3 миллион сатылып, 997,8 миллион доллар сатып алынған.

Нақтырақ айтқанда, Алматыда 649,7 миллион сатылып, 428,69 миллион доллар сатып алынды. Екінші орында Астана тұр, елордада 177,2 миллион сатып алынып, 182,4 миллион доллар сатылған. Үшінші орында - ОҚО, мұнда 74,8 миллион доллар сатып алынып, шетел валютасы екі есе аз мөлшерде сатылды.

Дереккөз: tengrinews.kz

30 қыркүйек 2015, 10:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.