Атырау, 19 мамыр 22:58
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қала күнін қалай тойлаймыз?

5 444 просмотра

Жылдағыдай қазанның басында Атырауда Қала күні тойланады.

Мерекелік бағдарлама өте бай. 1 қазан күні сағат 19-да Құррманғазы атындағы мәдениет үйінде «Жаңа толқын-2015» жас орындаушылар байқауы басталады, ал 2 қазан күні таңертең сағат 10-да сол жерде суретшілердің, фотографтардың және қолөнер шеберлерінің «Ежелгі Гурьев-жаңарған Атырау» атты көрмесі ашылады.

3 қазан күні таңертең ертемен «Мұнайшы» спорт кешенінің алдында және Вокзал маңы ықшам ауданындағы С.Мұқашев бульварында ауылшаруашылық жәрмеңкесі ашылады. Осында спорттық-көпшілік іс-шаралар мен эстрадалық концерттер өтеді. Сәл кейінірек сағат 11-де облыстық әкімдік жанындағы Бейбарыс алаңында этномәдени бірлестіктер мен жастар орталықтарының концерті басталады, ал балалар асфальтта сурет салу байқауына қатыса алады. Сағат 11.15-те сол алаңда бірден бірнеше спорт жарыстары өтеді, соның ішінде веложарыс пен жеңілатлетикалық кросс болады. Сағат 11.30-да Д. Нұрпейісованың ескерткіші жанында ұлттық музыкалық академияның ұжымы өнер көрсетеді. Жеңіс саябағында сағат 12-де әскери гарнизондар шеруі мен Мәңгілік алауға гүл қою рәсімі өтеді. Сағат 15.00-ге қарай мереке Исатай-Махамбет алаңына ауысады. Мұнда көрермендерді Д.Нұрпейісова атындағы академиялық оркестрдің концерті, «Гүлденіп, көркейе бер-Атырауым!» атты мәдени-көпшілік бағдарлама, спорттық-көпшілік іс-шаралар мен түрлі дәмдер жәрмеңкесі күтеді.

Кешке басты алаңда қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтпек. Ол сағат 19.00-да басталады, ал соңы мерекелік отшашумен аяқталады. Осы уақытта Бейбарыс алаңы маңында кемелер шеруі өтетін болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

30 қыркүйек 2015, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.