Атырау, 22 желтоқсан 19:18
 бұлттыВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Апат жеке секторға қауіп төндірді

2 996 просмотра

Кеше таңертеңгі сағат 9-да Атырау қаласының сол жақ жағалауы бөлігіндегі жеке секторлардың көп бөлігінде газ тоқтап қалды.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің басшысы Самал ӘБИРОВАНЫҢ хабарлағанындай, СМП-163 ауданында жер асты газқұбыры учаскесінің бірінде апат орын алған. Алмагүл, Привокзальный, Бірінші участок мөлтек аудандары, Огородная көшесіндегі және кейібір мәліметтер бойынша Атырау ықшам аудандары табиғи газсыз қалған.

Кешкі 20 сағат 15 минутта  қалалық әкімдіктің апатты қызмет диспетчері Гүлбаршын ЕСТАЕВА «ЖС»-на апат жойылып, Чехов және екі СМП аудандарына табиғи газдың берілгендігін хабарлады.  Оның айтуынша, газ болмаған кезде үйлердегі жылу жүйелерінің қатып қалуы  жағдайы болмаған көрінеді. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

6 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.