Атырау, 4 қазан 06:23
 ашықВ Атырау +17
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Сәрсенбайдың жаңажылдық тілегі

3 300 просмотра

Жаңа жыл басталғаннан кейін бір сағат өткен соң мен Исатай-Махамбет алаңына келдім.

Ызғарлы желге қарамастан, бұл жерге бірнеше мың адам жиналыпты. Халықтың бір бөлігі батырдың ескерткішінің жанына фотосуретке түсіп жатса, енді біреулері аспанға отшашулар атып мәз боп жатты.

Көпшілігі аққайнармен, арақпен «жылынып» жүр екен. Сол маңда сыйкәделер мен ойыншықтар саудасы қызып жатты. Отшашулар мен спирттік ішімдіктер сатып жатқандар көрінбеді. Мерекелеп жатқандардың арасында арнаулы автобаза қызметкерлері қоқыс жинап жүр екен. Қаланың оң жақ жағалау бөлігі учаскесінің бастығы Қимеден ШМАНОВ тазалық жасау үшін тапсырмалар беріп жатты.

- Мереке сайын арнайы сызба бойынша жұмыс жасаймыз: кешке  алаңды күндізгі аула тазалаушылар бригадасы, ал түн ортасынан кейін түнгі бригада тазалайды. Өйткені бұл жерде халық түні бойы мейрамдайды, ал таңертеңгілік орталық алаң таза боп тұруы тиіс.

Аула тазалаушы Сәрсенбай АЯПОВТЫ(суретте) пайдаланылған отшашулар толтырылып салынған қапшықты қолына ұстаған күйінде кездестірдік. Бұл кісі Қарақалпақстаннан келіпті. Арнайы автобазадан айына 34 мың теңге алады екен. Бұл оның Исатай-Махамбет алаңындағы екінші Жаңа жылы көрінеді. Ол атыраулықтарға газет арқылы өз тілегін жеткізді.

- Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын, денсаулық, қуаныш пен байлық тілеймін! Бізді де ұмытпаңыздар және де көшеге қоқыс тастамасаңыздар екен.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

6 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.