Атырау, 18 желтоқсан 21:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

​"Ембімұнайгаз" мұнай өндіруді арттырып, плюске шығады

4 386 просмотра

Image 0

"Ембімұнайгаз"АҚ 2015 жылы жоспарланған 2,8 млн тонна мұнай өндіруді 21 мың тоннаға арттырады. Бұл туралы таратылған баспасөз релизінде айтылды.

"Ембімұнайгаз" АҚ компаниясының бас директоры Құрманғазы ЕСҚАЗИЕВТЫҢ (суретте) айтуынша, мұнайдың өзіндік құнының төмендеуіне әсер еткен өндіріс шығындарын оңтайландыру бойынша дер кезінде алынған шаралардың арқасында мұнай бағасының құлдырауына әкелетін теріс ықпалды азайту мүмкін болған:

- 2015 жылға залалдар 24 млрд теңге (мұнайдың бір барреліне 50 доллар бағамен) мөлшерінде жоспарланды. Бірақ біз шығындарды азайттық, тіпті жыл аяғына дейін мұнай өндіруді 21 мың тоннаға арттырып, жылды плюс 264 млн теңге қаржылық қорытындымен аяқтауды жоспарлап отырмыз. Енді үкімет пен Ұлттық банктің теңге бағамына жасаған соңғы түзету шарасының арқасында біздің қаржылық нәтижеміз одан әрі жақсарады.

Ал мұнай бағасының едәуір құлдырауы салдарынан өткен жылмен салыстырғанда компанияның бюджетке төлейтін төлемдері екі есеге қысқарады:

- 2014 жылы мұнай бағасы жоғары - бір барреліне 115 долларға дейін болған кезде, ЕМГ республикалық бюджетке түрлі салықтар мен баж салықтары түрінде 197 млрд теңге төледі. Биыл бір барреліне орташа жылдық баға 50 доллар болғанда, бюджетке төленетін төлемдер 96 млрд теңгені құрайды.

Баспасөз релизінде "Ембімұнайгаз" АҚ жұмыс орындарын, еңбекақы мен әлеуметтік төлемдерді қысқартуды жоспарлап отырған жоқ деп хабарланған.

"Компания мұнай қорларын толықтыру үшін геологиялық барлау жұмыстарын жандандырмақ. Қазіргі кезде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін жаңа келешегі бар учаскелерге, соның ішінде Каспий маңы ойпатының терең тұзасты түзілімдеріне жер қойнауын пайдалану құқығын алу мүмкіндігі жасалуда".

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

31 тамыз 2015, 00:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.