Атырау, 5 желтоқсан 11:53
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Құлсарыда адамға оқ атылды

3 978 рет қаралды

29 тамызда, шамамен түнгі сағат 2-де Құлсары қаласының төңірегінде болған төбелес кезінде оқ атылып, соңы өліммен аяқталды.

Біздің бейресми дереккөздеріміз хабарлағандай, жас жігіттер арасында жанжал орын алып, ары қарай төбелеске ұласқан. Кейін төбелеске қатысушылардың бірі басқа жігітке анықталмаған қарудан оқ атқан. Зардап шегуші - 1994 жылғы Құлсары қаласының тұрғыны алған ауыр жарақатынан ауруханада көз жұмды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99 бабының 1 тармағымен (Қасақана кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғалды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

29 тамыз 2015, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.