Атырау, 23 сәуір 22:54
 ашықВ Атырау +22
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Бүгін Сочельник мейрамы

3 207 просмотра

Бүгін, 6-шы қаңтарда православиеліктер Рождество Сочельнигін атап өтуде.

Сочельник жылына екі рет – Рождество Христова қарсаңында және Шоқыну мейрамында болады. Көптеген діндарлар бұл күні Құтқарушы Иисус Христаның Вифлеемде туылған сәтінің белгісі ретінде аспанда алғашқы жұлдыз пайда болғанша ораза ұстайды. Інжілге сәйкес, оны көрген шығыс даналары сәби Иисусқа тағзым ете келіп, оған мол сыйлықтар тарту еткен екен.

Сочельник мейрамына байланысты Успен соборында бейсенбі күні сағат төртте салтанатты Вечерня өтеді. Григорий әкейдің айтуынша, барлық ниет білдірушілер жетінші қаңтар күні сағат сегіз жарымдарда Рождестволық қызметке келіп, содан кейін рухани тазаруға келе алады екен. Сондай-ақ, сағат он бірден кейін жексенбілік балалар мектебінің мерекелік концерті болады.

Анастасия ПАСТУХОВА

6 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.