Атырау, 27 қыркүйек 23:03
 дождьВ Атырау +20.6
$ 441.88
€ 503.61
₽ 5.24

Қазақстандағы ыстық апта соңында қайтады – синоптиктер

2 431 рет қаралды

Астана. 3 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстандағы ерекше аптап ыстық алдағы үш күнде қайтады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

«Күндіз Қазақстанның батыс бөлігінде +40+44 градусқа дейін барған аптап ыстық қайта бастайды. (...) Республиканың батысында алдағы күндері ауа темпертурасы суыта бастайды. 6 тамызда жауын жауып, ауа температурасының одан ары төмендеуі Қазақстанның батысында, солтүстігі мен орталығында орын алады», - делінген дүйсенбі күнгі хабарда.

Бұл ретте республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында алдағы күндері әлі ыстық ауа райы сақталады, күндіз кей жерлерінде +40+43, бірақ 5-6 тамызда біртіндеп ыстық қайта бастайды.

Дереккөз: ҚазТАГ

3 тамыз 2015, 16:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.