Атырау, 19 қараша 10:43
 бұлттыВ Атырау +5
$ 497.89
€ 525.12
₽ 5.00

Экс-әкімнің ісі. Дүйсенбаевты іздеп тауып, соттады

7 152 просмотра

Image 0«Бергей Рысқалиевтың ҰҚҚ ісінің» тағы бір фигуранты – «АТГ Құрылыс» ЖШС-нің бұрынғы директоры Жанболат ДҮЙСЕНБАЕВҚА қатысты үкім шығарылды.

Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Естеріңізге салсақ, «АТГ Құрылыс» ЖШС директоры Ж.Дүйсенбаевты қамауға алу санкциясы 2012 жылдың қыркүйегінде берілген болатын. Сол кезде оған бюджет қаржысын жымқырды және басқа да ауыр қылмыстар жасады деп күдіктелген 13 тұлғаға: Бергей РЫСҚАЛИЕВПЕН, Аманжан РЫСҚАЛИМЕН, Айбат СҮЛЕЙМЕНОВПЕН, Рүстем ӘЛБАҚАСОВПЕН және басқалармен бірге халықаралық іздеу жарияланған еді. «АТГ Құрылыс» ЖШС Атырау облысын газдендіру жөніндегі тендерлерге қатысты, облыс әкімі отставкаға кеткеннен кейін компания ҚР Бас прокуроры Асхат ДАУЫЛБАЕВТЫҢ баяндамасында «Рысқалиевтың ҰҚҚ-мен аффилирленген» компания деп аталды.

Дүйсенбаев биылғы жылғы наурыздың аяғына Ақтөбеде ұсталды, бұл іздеу жарияланған 13 қашқынның ұсталған екіншісі. Бірінші Олег ПАВЛИЧЕНКОНЫ ақпанда Мәскеуде ұстаған еді. Соттың баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, сот отырысы барысында Жанболат Дүйсенбаевтың 2008-2011 жылдар аралығында «АТГ Құрылыс» басшысы болған кезде «Атырау облысының Қызылқоға мен Құрманғазы аудандарының елді мекендерін газдендіруге бөлінген бюджет қаржыларын ұрлауға қол салғаны» анықталған. Осы жобаға республикалық және жергілікті бюджеттерден 37,4 млрд теңге бөлінді. «АТГ Құрылыс» фирмасы өрескел заң бұзушылықпен өткізілген газдендіру тендеріне қатысып, ұтып алды.

Әрі қарай, ақша ұрлауды бағаны көрінеу көтеріп, жобалау-сметалық құжаттаманы жасау арқылы жүзеге асырған. Жалған келісімшарттар жасалып, материалдар мен жұмыстардың құнын көтеріп жазған. Ал бөлінген бюджет қаржысы қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Сотталушы сот отырысы барысында кінәсін мойындамай, оған ақтау үкімін шығаруды өтінді. Дегенмен де, сот оны ҚР ҚК-нің 235-бабының 3-тармағы («Қылмыстық ұйымға қатысу»), 176-бабы («Сеніп тапсырылған бөгде мүлікті иемдену немесе ысырап ету») бойынша кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеумен қатар қатаң режимдегі колонияда 10 жылға үкім шығарды.

Дүйсенбаевтың қызметінің мемлекетке келтірген зиян мөлшерін сот 2,7 млрд теңге деп бағалады. Ол бұл соманы өтеуге тиіс.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

3 тамыз 2015, 14:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.