Атырау, 28 қараша 20:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Асты аласа көліктерге айыппұл салды

2 712 просмотра

Image 0Полиция қызметкерлері өз көліктерін «төмендетіп» алған жүргізушілерді жауапқа тарта бастады.

Бұл, неге екені белгісіз, ресейлік өндіріс автомобильдерінің жас иелері үшін сәнге айналды.

- Олар көліктерінің дөңгелек үстіндегі серіппесін кесіп қысқартып, астын аласалатып алады, - дейді Атырау қалалық ІІБ бастығының орынбасары Ерлан БИҒАМБАЕВ. – Мұны кез келген КЖО-дан белгілі бір сомаға жасатып алуға болады. Алайда, иелерінің барлығы бірдей көлігінің астын осылайша төмендету арқылы зауыттың конструкциясын өзгертетіндіктерін білмейтін сияқты, ал бұл көлік құралдарын пайдалану ережелерін өрескел бұзу болып табылады.

Бірнеше күнге ұласқан рейдтік шаралар кезінде 33 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мұндай автокөліктерді тоқтатқан жол-патрульдік қызмет қызметкерлері көліктің мемлекеттік номерін түсіріп алып, жүргізушіге 15 АЕК (29 730 теңге) көлемінде айыппұл салады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

30 шілде 2015, 17:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.