Атырау, 22 желтоқсан 19:36
 бұлттыВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Жаңа жыл жайлы болмақ

6 939 просмотра

Халық арасында егер дүниеге қыз бала көп келсе жыл тыныш, ал ер бала көп келсе керісінше болады деген наным қалыптасқан.

Облыстық перзентханада жаңа жыл түні алты қыз бала мен бір ер бала дүниеге келген. Нұргүл ПӘУЕДЕНОВА (суретте) қызын жаңа жылда дүниеге әкеліпті. Салмағы 3550 грамм, бойы 52 сантиметр болатын кішкентай шарана 01.41 сағатта шыр етіп дүниеге келіпті. Анасы мен сәбиінің жағдайы жақсы. Нұргүл зайыбы Айбол екеуі өздерін бақытты сезінеді. Енді жаңа жыл түні олардың отбасы үшін қос мерекеге айналды: бұл жаңа жыл келетін және тұңғыштарының дүние есігін ашқан күні. Қазір жас ата-ана отбасыларындағы үлкендердің сәбиге қандай есім беретіндігін күтіп жүр.   

Тәжірибелі акушерлер жаңа жыл түні оларға босанатын әйелдерді әдеттегіден аз қабылдауға тура келетінін атап өтеді. Әрине, табиғатпен тайталаса алмайсың, алайда, болашақ ананың Жаңа жылдық мерекелік дастарханда отырып қарсы алғысы келетін жөні бар. «Әйелдер бұл күні перзентханаға баруға психологиялық тұрғыда дайын емес, сондықтан да сәбилер асыға қоймайды», - деп күледі қалалық перзентхананың бас дәрігері Гүлзейнеп ДҮСІПОВА. Қалалық перзентханада осы мереке түні бар болғаны үш сәби – екі қыз бала мен бір ер бала дүниеге келген. Стационардың өзі әдеттегі режимде жұмыс істеген. Акушер-гинекологтар, операциялық бригада, реаниматолог, неонатолог, зертхана қызметкерлері кезекшілік еткен. 2 дәрігер, 4 акушер, босанғаннан кейінгі бөлімшеде 2-3 постыдан және т.б. болған облыстық перзентхананың қызметкерлері де үздіксіз кезекшілік еткен. Өткен жылдың соңғы сағаттарында Гауһар Сарбалина соңғы боп босанған. Сағат 23.15-те ол салмағы 3550 грамм, бойы 53 сантиметр болатын тұңғыш қызын дүниеге әкелген. Қалалық перзентханада да биылғы жаңа жыл есігін қыз бала ашқан. «Қалалық перзентхана ашылғаннан бері біздің стационарға келетін әйелдер саны аз-мұз азайды, дегенмен де, ауыр, шұғыл жағдайларда бәрібір оларды бізге жібереді», - деп әңгімелейді  облыстық перзентхананың бас дәрігері Ұлжан ХАСАНОВА. Күн сайын облыстық перзентхананың қабырғасында орташа алғанда тәулігіне 25 сәби дүниеге келеді. 31 желтоқсан күні де 26 бала жарық дүниеге келген. 1 қаңтарда ғана бар болғаны 12 сәби өмірге келіпті. Екінші қаңтарда бәрі де орнына келіп, 25 әйел босанған.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

6 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.