Атырау, 18 мамыр 20:25
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

ШҚО ауданы әкімінің әкімінің өлтірілуі ашылмаған күйінде қалуы мүмкін

1 759 просмотра

Өскемен. 27 шілде. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының әкімі Алтайбек Сейітовтың өлтірілуінде үлкен ақша аралас болы мүмкіндігінен ол қылмыс ашылмаған күйінде қалуы мүмкін, деп мәлім етті Шығыс Қазақстаннан ақпаратқа қанық дереккөзі.

«Бұл өлтірушілік өте жақсы ойланған, алдын ала жоспарланған болып тұр. Сондықтан ол ашылмай қалуы мүмкін, немесе полицейлер айыптыны «тағайындайды», - деді сұхбатшымыз дүйсенбі күні ҚазТАГ агенттігіне.

Оның айтуынша, аудан әкімінің өлтірілу себебі - аса үлкен ақша сомасына қатысты шиеленіс болуы мүмкін, атап айтқанда, құрамында мыс бар кенді өндіру бойынша тау-кен байыту кешен құрылысына қатысты мәселеде. Одан басқа, сұхбатшымыздың пікірінше, жергілікті шекара заставаларына азық-түлік жеткізетін мемлекеттік сатып алуларға қатысу мүмкіндігінен айрылған жергілікті фермерлердің арасында да наразылары аз болмаған.

«90-шы жылдың басынан бері азық-түлікті, ең бірінші – етті, Күршім фермерлері жеткізіп отыратын, оларда тұрақты кірісі болатын, олар дами алатын, ал қазір барлық тендерлерді Астанада ұтады, сондықтан шекарашыларды адам жеуге жарамайтын қытайлық шошқа етімен тамақтандырып, ал жергілікті фермерлер өз етін сата алмай жүргені», - деді сұхбатшымыз.

Сұхбатшымыз айтқандай, соңғы жылдары Күршім ауданының экономикасы құлдырауда болатын, жергілікті бюджет 88% облыстық бюджеттен дотацияланады, халық көшіп кетіп жатыр. «Бұл шекара маңы, сондықтан ол мемлекет тарапынан ерекше назарда болуы керек, оның орнына аудандық меморгандар мен ауыл әкімдері – зейнеткерлер, жаңа жұмыс орнын ашу бойынша мембағдарлама жұмыс істемейді, оған енді ұйымдасқан қылмыс та бас көтере бастады», - дейді сұхбатшымыз.

Бұрын хабарланғандай, 14 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының әкімшілік орталығында, өз үйінде аудан әкімі Алтайбек Сейітов өлі күйінде табылды. Аталған дерек бойынша қылмыстық өндіріс басталды, облыстық ішкі істер департаментінің тергеу-оператвитік тобы жұмыс істеп жатыр.

Ауданда бірқатар шекара заставалары бар, оның ішінде шекара маңындағы Маралды, Теректі, Орловка ауылдарының жанында. Биыл «Карчигинское» кенішінде мыс концентратын өндіретін тау-кен байыту кешеннің құрылысы мен карьер қазуға дайындық жұмыстары басталды. Республикалық индустриалдау картасына кірген осы, құны Т17 млрд-тан асатын жобаға ауданда 500 гектардай жер бөлінген.

Дереккөз: ҚазТАГ

27 шілде 2015, 17:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.