Атырау, 28 қараша 16:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Көшедегі термометрлер дұрыс емес деп есептеледі»

3 489 просмотра

Image 0Ауа райын болжаушылардың болжамдары бойынша, маусымның аяғына дейін аптап ыстық сақталады. Ай соңында температура аумалы күйде көтерілуі мүмкін.

«Қазгидромет» РМК Атырау филиалының метеоболжам бөлімінің бастығы Күлайна МЫРЗАШЕВАНЫҢ айтуынша, біздің облысымыз антициклонда тұр:

– Кешеден бері азғана жауын-шашын болады деп күтілген еді, бірақ олар температураны өзгертпейді. Найзағай мен бұлттан кейін Махамбет ауданында ауа температурасы, шамамен, 43 градусқа дейін көтерілді. Қатты булану салдарынан жаңбыр жерге жетпей қалады. Атырауда бүгінгі күнді қосқанда таяу күндері – 40-41 градус Цельсий болады. 40 градустан жоғары өте аптап ыстық ай соңына дейін сақталады. Ал 29-30 маусымда температура 42 градустан жоғары деңгейге жетуі мүмкін.

– Көшедегі термометрлер демалыс күндері одан да көп көрсеткішті көрсетіп тұрды, әлеуметтік желілерде температура +52 деп көрсетілген фотосуреттер салынған еді.

– Температура тікелей түсетін күн сәулесімен өлшенбейді. Біздің өлшеу аспаптары арнайы психрометрикалық будкада орналасқан. Сондықтан көшедегі аспап көрсеткіштері де автомобильдегідей дұрыс емес деп есептеледі.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

22 маусым 2015, 12:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.