Атырау, 28 қараша 16:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Аз қамтылғандарды демеу жобасы

2 096 просмотра

Image 01 шілдеден бастап Атырауда халықтың аз қамтылған санатына көмек көрсететін «Өрлеу» пилотты жобасы іске қосылады. Оны жүзеге асыруға жыл аяғына дейін 4 млн теңге бөлінбек.

Бұл бағдарлама Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында жұмыс істейді. Оның мақсаты - атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) пассивті алатын отбасылар санын азайтуда жатыр. АӘС алатын отбасы мүшелерінің арасында кішкентай балалар мен омырауда баласы бар әйелдер ғана емес, жұмыс жасауға қабілетті отағалары, жұмыссыз кәмелетке толған балалар да бар. Олар жұмыссыздар қатарында есепте тұр. Бірақ мемлекет қалалық жұмыспен қамту бөлімдері мен профильдік қызметтер алдына – көмекке зәру болмас үшін олардың өздерінің табыс табуларына қол ұшын беру міндетін қойды.

Біз оларға жұмыс табуға, сонымен қатар өздерінің кішкентай ісін – мейлі ол қосалқы шаруашылық болсын, ұялы телефондар жөндейін шеберхана болсын және т.б. ашуға шағын несиелер беруге көмектесетін боламыз, - дейді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрлы ХАБИЕВА.

Ережеге сәйкес, несие сомасы 55 АЕК-тен аспауы тиіс. 1 АЕК бүгінде 2 082 теңгеге тең, демек, жоғарғы мөлшердегі несие 114 510 теңгені құрайды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

22 маусым 2015, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.