Атырау, 25 желтоқсан 03:31
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Мәсімов:Таяу 3-5 жылда шикізатқа төмен бағалар дәуірінде өмір сүреміз

1 632 рет қаралды

Image 0Алдағы 3-5 жылда шикізат тауарларына әлемдік бағаның жоғарылауы күтілмейді деп есептейді республика премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

АСТАНА, 17 мау — Қазақстан жаңалықтары АА. Алдағы 3-5 жылда шикізат тауарларына әлемдік бағаның жоғарылауы күтілмейді деп есептейді республика премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

«Біздің ойымызша, таяудағы 3-5 жылда біз ресурстарға, шикізаттық тауарларға бағаның төмендеу дәуірінде өмір сүретін боламыз. Сондықтан да, алдағы бюджетті қалыптастыру барысында шикізаттық тауарларға бағаның төмендігі ескеріледі. Бұндай жағдай бірқатар бағдарламаларды қайта қарауды да талап етеді. Бағдарламалар ғана емес, бюджеттік шығыстар да қайта қаралуға жатады. Осыған орай, біз депутаттық корпустың қолдауына сенеміз», — деді Мәсімов парламент палааларының бірлескен отырысында.

Дереккөз: newskaz.kz

17 маусым 2015, 12:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.