Атырау, 6 мамыр 13:37
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Мәсімов 2016 жылдың аяғы – 2017 жылдың басында Қашаған іске қосылады деп сенеді

1 309 просмотра

Image 0Астана. 17 маусым. ҚазТАГ – Бауыржан Мұқанов. ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов 2016 жылдың аяғы – 2017 жылдың басында Қашаған мұнай-газ кен орны іске қосылады деп сенеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«Біз Қашаған 2016 жылдың аяғы – 2017 жылдың басында іске қосылады дегеннен өз есебімізді жүргізіп жатырмыз, өз бюджеттік циклімізде сол табысқа сенім арта алу үшін», - деді К. Мәсімов сәрсенбі күні парламент палаталарының бірлескен палатасында.

Ол депутаттарға ұлттық, соның ішінде экокологиялық заңнаманы ЭЫДҰ нормаларымен сәйкестендіруге көмектесу өтінішімен жүгінді.

«Консорциум мен сыртқы инвесторлардың үреймен және экология мәселелерімен байланысты бізге қатысты кейбір таласты тұстары бар», - деп түсіндірді үкіметбасы.

Премьер-министр сондай-ақ консорциумның құбыр жөндеу бойынша шығындары компания есебінен жасалып жатқандығынан хабардар етті.

«Біздің келісім бойынша қазір консорциум тарапынан осы оқиғаны түзету бойынша, құбыр бойынша жүргізіліп жатқан шығындар, олар орны толтырылатын болып саналмайды, яғни мемлекет құбыр алмастыруға байланысты бұл шығындардың орнын толтырмайтын болады. Ол сол компанияларға салмақ болып түседі», - деп атап өтті К. Мәсімов.

Бұған дейін Қашаған мұнай-газ кен орнындағы құбыр желілерінің жөндеуі кестеден алғып кетіп бара жатқаны, өндірісті 2016 жылдың желтоқсанында жандандыруға жоспарланып отырғаны хабарланған.

Қашағанда мұнай өндіру 2013 жылдың 11 қыркүйегінде басталған. Алайда 24 қыркүйегінде «D аралынан» «Болашақ» зауытына қарай жүретін құбыр желісін жоспарлы тексеру барысында ілеспе газдың жылыстауы табылды. Қашағандағы өндіріс тоқтатылған болатын.

Жөндеу біткеннен кейін қазан айында газ құбырын жоспарлы тексеру кезінде қайтадан жылыстау іздері табылды. Өндіру доғарылды. Газдың жылыстау себебі деп сульфид қосындыларының ықпалымен құбыр желісінің шытынауы аталды.

Қашаған – Каспий теңізінің солтүстігінде орналасқан Қазақстандағы ірі мұнай-газ кен орны. Геологиялық қоры 4,8 млрд тонна мұнайға бағаланады. Жалпы мұнай қоры 38 млрд баррельді құрайды. Оның коммерциялық ресурстары, мамандардың бағалауынша, 9 млрд-тан 13 млрд баррель мұнайға дейінгі аралықта. Сондай-ақ табиғи газдың ірі қоры бар – 1 трлн текше м астам.

2009 жылдың қаңтарына дейін кен орнын Agip KCO халықаралық консорциумы өңдеп келді. Agip KCO құқықтық мұрагері North Caspian Operating Company атанды. Қазіргі таңда NCOC акционерлері AgipCaspian Sea B.V. (16,81%), KMG Kashagan B.V. (16,88%), ExxonMobil Kazakhstan Inc. (16,81%), Inpex NorthCaspian Sea Ltd. (7,56%), Shell Kazakhstan Development B.V. (16,81%), Total EP Kazakhstan (16,81%) және CNPC Kazakhstan B.V. (8,33%) болып табылады.

Дереккөз: ҚазТАГ

17 маусым 2015, 11:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.