Атырау, 6 мамыр 08:49
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Астанадағы "Артем" базарының маңында жаппай төбелес болды

2 895 просмотра

Image 0Астанадағы "Артем" базарының маңында болған жаппай төбелестің мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 маусым күні шамамен сағат 20.10-да Астана қаласы ІІД ЖБО "Артем" СҮ қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері қайыр тілеумен айналысатын әйелді ұстағандары жөнінде хабарлама келіп түсті. Полицейлер сол күні шамамен сағат 18.00-де ІІ топтағы мүгедек 30 жастағы әйелдің кәмелетке толмаған, мектепке дейінгі жастағы үш баласымен Астанаға Алматы қаласынан қайыр сұрау мақсатында келгенін анықтады.

"Осыдан бұрын ол бірнеше рет осыған ұқсас құқықбұзушылық бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қайыршылықпен айналысу үшін сауда үйінің ғимаратына кіруге рұқсат берілмегеннен кейін "Артем" СҮ қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері мен әйелдің арасында келіспеушілік туындаған. Осы уақытта өтіп бара жатқан адамдар сол жерге жиналған. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін келген полиция жасағына дау-дамай туындатқан белсенді қатысушылар бағынбаған", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Полицейлер бұл оқиғаға қатысы бар 18 қатысушыны мән-жайды анықтау үшін ұстады. Олардың ішінде мас күйінде болғандар да бар. Зардап шеккендер мен мүліктік шығындар жоқ. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Әйелдің арызы бойынша ҚР ҚК 252-бабы ("Жекеменшік күзет қызметі қызметшілерінің уәкілеттігін асыруы") негізінде сотқа дейінгі өндіріс басталды, сонымен қатар, "Артем" СҮ қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің арызы бойынша материал ҚР ҚК 293-бабы бойынша ("Бұзақылық") тіркелді. Тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанадағы "Артем" базарының маңында жаппай төбелестің болғаны хабарланған еді. Куәгерлердің айтуынша, төбелеске ондаған адам қатысқан. Полицейлер жиналғандарды үш рет таратып жіберді. Куәгерлер "Артем" базарының бірінші қабатының қирағанын айтты.

Дереккөз: tengrinews.kz

17 маусым 2015, 11:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.