Атырау, 6 қазан 13:22
 ашықВ Атырау +14
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Алматы - Шымкент трассасындағы жол апатынан қаза болғандардың саны 11 адамға жетті

2 446 просмотра

Image 0Алматы - Шымкент трассасындағы жол-көлік оқиғасынан қаза болғандардың саны 11 адамға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі. Оқиға орнында сегіз адам қаза тапты, тағы үшеуі ауруханада қайтыс болды.

Ауруханадағылардың айтуынша, оларға Алматы - Шымкент трассасындағы жол-көлік оқиғасынан сегіз адам түскен. Олардың үшеуінің жағдайы өте ауыр болып, ауруханаға жеткен бойда көз жұмды. Қазір жан сақтау бөлімінде тағы төрт адам жатыр. Олардың барлығы комада 2-ші және 3-ші дәрежедегі жарақатымен жатыр. Екеуі аса ауыр жағдайда. Ауруханаға түскендердің барлығында бассүйек-ми ашық жарақаты, сүйек сынығы мен кеуде жарақаттары тіркелді.

Еске сала кетейік, Алматы - Шымкент тасжолында жол апаты болып, 6 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын. ІІД пультіне хабар шамамен 12.30-да келіп түскен. "Mercedes Sprinter автомобилі Howо жүк көлігімен соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасынан алты адам қаза тапты. Сонымен қатар, бірнеше адам түрлі дәрежедегі жарақат алды, олардың саны нақтыланбады. Қазіргі уақытта оқиға орнына ІІД, ТЖ және дәрігерлер тобы кетті", - деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде.

Дереккөз: tengrinews.kz

16 маусым 2015, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.