Нұрсая ықшамауданындағы 9 қабатты жаңа үйдің кілттері салтанатты жағдайда тапсырылды.
Үйде бір бөлмелі 240 пәтер бар. Одан интернет мекемесінің жүзден астам түлегі, Баймұханов көшесінің бойындағы апатты жатақхананың тұрғындары – 69 отбасы, мүгедектер, «ауған-ардагерлері», бюджет қызметкерлері баспана алды. Ғалия ЛҰҚПАНОВА біздің оқырмандарымызға жақсы таныс. Ол Атырау еріктілер корпусының белсендісі, «Жүректен жүрекке» қоғамдық бірлестігінің қатысушысы. Қазір Қатира Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжде оқиды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің болашақ мұғалімі. Алты жастан бастап Ғалия «Шаңырақ» балалар ауылында өсті, 16 жасқа толғанда Жасөспірімдер үйіне ауысты. Енді оның өмірінде алғаш рет өз үйі болмақ. Ол өзі армандаған үйін бес жыл кезекке тұрып күтті. Онымен бірге Жасөспірімдер үйіндегі тағы тоғыз адам кілт алды.
Ғалия өз пәтеріне бір айдан кейін Алматыдан келген соң көшіп келмекші. Ол жақта осынау шығармашыл қыз халықаралық актерлік шеберлік байқауына қатысатын болады.
Өткен жылы интернат мекемесінің 163 түлегі, ал жыл басынан бері тағы 30-ы баспана алды.
Қоныстанушыларды құттықтаған облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ ниет білдірушілер үйдегі пәтерлерді жекешелендіре алатындығын атап өтті. Ал баспананы кеңейтуге құқығы барлар бір бөлмелі пәтерлерде тұрып, тұрғын үй жағдайын жақсартуға өз кезектерін күте алады. Оның үстіне жыл аяғына дейін тағы 28 үйді тапсыру жоспарланған.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ