Атырау, 28 қараша 15:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Маржан қыз» көз жұмды

2 010 просмотра

Image 0Индер ауданы Елтай ауылында өткен ғасырдың 50-ші жылдары жазылып, талай той дастархандарында және ән кештерінде шырқалған танымал «Маржан қыз» әнінің кейіпкері Маржан ЕНБАЕВА 91 жасында дүниеден озды. Жерлеу рәсімі 9 маусым күні өтті.

Маржан Енбаева 1924 жылы Индер ауданы Есбол селосында дүниеге келді. Зейнеткерлік жасқа дейін жылқы бақты. Оның бағымына 1942-1946 жылдар аралығында 237 құлын сеніп тапсырылған болатын. Оған 1948 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Ол кезде оның жасы 24-те еді.

Ол бізге үш жыл бұрын берген сұхбатында өткен күндерін былай деп еске алып еді: «Қарамағымызда 300-ге жуық жылқы болды. Ол кемімейді, не көбеймейді. Он күнде бір келіп, жылқыларды іріктеп, Атырау арқылы вагондап соғысқа жібереді де, орнына басқа арық-тұрағын әкеледі».

Енбаеваның ерлігі елді елең еткізбей қоймады. Белгілі сатирик ақын Садықбек АДАМБЕКОВ «Маржан қыз» өлеңін жазып, оған танымал композитор Әбілахат ЕСПАЕВ ән жазды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

15 маусым 2015, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.