20 маусымда Атырауда жағажай маусымы ресми түрде жарияланатын болады. Анықталғандай, қаладағы екі: ДСК маңы мен Жилгородоктағы жағажай өзінің алғашқы демалушыларын қабылдауға дайын болып қана қоймай, оларды таң қалдырмақшы.
ДӘРЕТХАНАНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫНА СЕНІҢІЗ
Екі жағажайдың арендаторы Қалыбай СӘРСЕКЕНОВТІҢ айтуынша, олар адамдар жайбарақат демалып, масалар мазаламас үшін қамыстар мен қияқтардан тазартылған. Биыл бес машина ұсақ құрылыс құм топырағы әкелінді. Жағажайдың периметрі бойынша тең аралықта қоқыс жәшіктері қойылған. Ол «Арнаулы автобаза» КМК-мен жасалған келісімшарт бойынша жағажайды жалпы тазалаудан басқа, күн сайын төгіліп тұрады. Қазіргі уақытта су түбін қоқыстан тазарту және қалқыма белгілер орнату жұмыстары жүріп жатыр.
- 20 маусымға қарай жағажайларда екі биодәретхана жұмыс істейді. Олар ақылы – 50 теңгеден болады. Ол жерде бәрі таза болуы үшін осы ақшаға қала тұрғындары келіседі деп ойлаймын, - дейді жағажай қожайындары. – Шезлонгтар, қолшатырлар, кафе, батуттар, төбешіктер және тіпті тегін wifi – мұның бәрі міндетті түрде осы маусымда болады.
ҚАЛҚЫМА БЕЛГІЛЕР ТУРАЛЫ
Кәсіпкерлер негізгі күшті Жилгородоктағы жағажайға бағыттаған.
- Сіздер Түркияда болдыңыздар ма? Біз осы жерді курортқа ұқсастыруға барымызды салдық, - дейді бизнесмендер. – Біз жағажайға сумен қамту жүйесін жүргіздік, 20-сына қарай душ кабиналарын орнатуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, жағажай аумағына ақтеректің 170 көшетін отырғыздық. Биыл олардың әлі көлеңке түсірмейтіні түсінікті. Бірақ бірнеше жылдан кейін жағажай қолшатыры мен қалқа болу үшін керемет баламаға айналады. Айта кетелік, жағажайда кафе мен бар жабдықталатын болады, қазірдің өзінде біз қорғайтын москит торларын керіп қойдық. Өйткені демалушылардың басым бөлігі кешкілікте, жұмыстан кейін болады ғой. Сол кезде маса да шығады. Ал жатақтарда күнге күйгенді ұнататындар үшін басқа қызмет түрі болады: демалушыларға әлсін әлі даяшылар жақындап барып, сусындар ұсынады.
Кәсіпкерлер балалар мен ересектерге арналған аттракционы: машиналары, батуттары, төбешіктері, тир, волейболы бар шағын парктер үшін учаскені қоршап қойған. Кешкілікте қалалық әкімдікпен бірігіп, жастарға арналған, отбасылық шаралар, сондай-ақ қайырымдылық акциялары мен концерттер жоспарлайды.
- Демалушылардың қауіпсіздігі үшін қандай шаралар алынады?
- Біз бұған ерекше көңіл бөлуге тырысамыз. Екі жағажайда да сәбилер үшін үрмелі бассейндер орнатылады. Оның ішіне олар ата-аналарының қарауымен шомылатын болады. Жалпы екі жағажайда сегіз құтқарушы кезекшілікте болады: жағада екеу (бірі мұнарада, екіншісі демалушылар арасында), тағы екеуі – катерде қалқыма белгінің ар жағында болады. Біз осы шаралар шұғыл әрекет етуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз.
Қалқыма белгілерге келер болсақ, біз тереңдікті арнайы өлшеп, оны адам қауіпті жағдайда қалуы мүмкін жерлерге қоятын боламыз.
Анастасия ПАСТУХОВА
Суретті түсірген автор