Қарағанды облысында зорланған полицейдің денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстық ішкі істер органдарының мамандары 46 жастағы жол-патруль полициясы қызметкерінің мәйітін Сәтпаев қаласындағы пәтерінен тапқан. Оның денесінде зорлау белгілері бар.
"Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Облыстық ІІД криминалдық полициясының тәжірибелі мамандарынан, Жезқазған қалалық ІІБ мен Сәтпаев қалалық ІІБ қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Аса ауыр қылмыс жасаған адамды анықтап, ұстау шаралары қолға алынды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, қылмыс жасалған кезде зардап шеккен азаматтың қызметте болмағаны анықталды, ол ІІБ-да жұмыс істеген жылдары өзінің тек жақсы жағын көрсете білген.
Дереккөз: tengrinews.kz