Атырау, 15 мамыр 00:54
 ашықВ Атырау +19
$ 506.21
€ 568.42
₽ 6.30

​Теңіз кенішінде жаңа нысандардың құрылысы кезеңінде 20 мың жұмыс орны құрылады - Б. Сағынтаев

2 165 просмотра

Image 0Теңіз кен орнында жаңа нысандардың құрылысы кезеңінде 20 мың жұмыс орны құрылады. Бұл туралы бүгін мұнай-газ секторын дамыту мәселесіне арналған Мәжілістегі парламенттік тыңдауда ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

«Теңіз ірі жобасына тоқталатын болсақ, оны болашақта кеңейту жобасын жүзеге асыру белгіленді. Оның аясында «Теңізшевройл» компаниясы өндіру деңгейін 1,4 есеге арттыруды жоспарлап отыр, яғни бүгінгі 27 млн. тоннадан 38 млн. тоннаға дейін көбейтеді»,-деді ол.

Сондай-ақ Теңіз кенішіндегі жаңа нысандардың құрылысы барысында 20 мың жұмыс орнын құру қарастырылып отыр. Нысандарды пайдалануға беру 2021 жылға белгіленді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жобаны жүзеге асырудың алғашқы кезеңіне компания 1 млрд АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлген. Енді құрылыс жұмыстарын жүргізетін және зауыт қондырғыларын құрастыратын мердігерлер анықталуда. Бүгінде іргетасы қаланып жатқан вахталық кенттің құрылысына компания 450 млн АҚШ доллары көлемінде қаржы қарастырған. Мұнда 2 мыңға тарта адам еңбек етіп жатыр.

Бұл арада ең маңыздысы - Теңіздегі өндірісте 20 мың жұмыс орны ашылады. Оның 15 мыңы жоба құрылысына қатыстырылса, қалған 5 мың адам компанияның түрлі тапсырыстарын орындайтын болады. Аталған жобаның Теңіз мұнайын игеру көлемін арттырумен қатар жалпы еліміз бойынша жаңа жұмыс орындарының ашылуына да игі ықпалы болмақ. Қазірдің өзінде Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы отандық компаниялар зауыт құрылысына қатысуға тапсырыс берген. Бұл өз кезегінде тек Атырау облысының ғана емес, бүкіл Қазақстан экономикасының дамуына зор мүмкіндік беретіні анық.

Дереккөз:ҚазАқпарат

1 маусым 2015, 11:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.