Атырау, 31 желтоқсан 16:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 502.57
€ 591.68
₽ 6.42

Орта кластың өсуіне қарай Қазақстанда парламент пен үкіметке көп құқық берілетін болады – Назарбаев

1 269 рет қаралды

Image 0Бурабай. 29 мамыр. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. Қазақстандық орта класс өкілдері санының өсіміне қарай парламент пен үкіметке көп құқық берілетін болады, деп хабарлады ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

«Біздің барлық істеріміз ашық болуға тиіс. Егер ол мемлекеттік құпия болмаса, онда адамдар ақпаратқа, үкіметтің шешімдерін қол жеткізе алуы тиіс. Әсіресе орындарда, бюджет жергілікті парламенттерде қоғамдық ұйымдардың, адамдардың қатысуымен ашық түрде шешілуі тиіс. Және де әр жарты жыл сайын, әр деңгей сайын халық алдында есеп беріп, сұрақтарына жауап беруге тиіс. Бәлкім парламент пен үкіметке көбірек құқық беру керек шығар», - деді Н. Назарбаев жұма күні ТМД қатысушы мемлекеттері делегацияларының басшыларымен кездесуде.

«Осы күнге дейін бізде президенттік билік болды, сіздер білесіздер, салмақты вертикаль, күшті президенттік билік. Орта класс санының өсуіне орай, сірә, оны әлсіретіп, үкіметке өз бетінше жұмыс істеуге көбірек мүмкіндік беріп, парламентке өкілетті көптеп қалдыру керек болар», - деп толықтырды ол.

Оның айтуынша, қазақстандық демократия мемлекетті халық алдында есепті ету деген сөз.

Дереккөз: ҚазТАГ

29 мамыр 2015, 17:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.