Атырау, 28 қараша 13:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Б.Ізмұхамбетов: «Мен сол жерде басшылық еттім. Березовка – керемет жер!»

3 146 просмотра

Image 0Батыс Қазақстан облысының Қарашығанақ кенішінің маңында орналасқан Березовканы көшіруді қолдайтын белсенділерді Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ сауатсыздықпен байбалам салып отыр деп айыптады.

Бұл мәлімдемені Ізмұхамбетов Атырауда өткен «АтырауГео-2015» конференциясында өзін таныстырмаған ер адамның Березовкадағы жердің ойылу себебі туралы сұрағына жауап бере отырып жасады.

Сұрақ ҚР инвестициялар және даму министрлігінің геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай НҰРБАЕВҚА жолданды.

Нұрбаевтың айтуынша, ол Березовкадағы ахуалды тексеру үшін құрылған үкіметтік комиссияның мүшесі емес:

– Бұл комиссияға энергетика вице-министрі Ұзақбай ҚАРАБАЛИН басшылық етеді, сіздер бәріңіз білесіздер, ол бұл істің маманы. Сол жерге бірнеше рет барды. Комиссияның жұмысына вице-премьер Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ өзі жетекшілік етеді. Таяу уақытта комиссия жұмысының нәтижелері жария етіліп, осы поселке бойынша шешім қабылданады.

Осы жерде Ізмұхамбетов микрофонды қосты:

– Ол жерде жер ойылып жатқан жоқ. Мен Батыс Қазақстан облысында алты жыл жарым басшылық еттім. Ол жаққа бірнеше рет бардым, кешірім сұраймын, мен осы Березовкамен шайқастым. Осы учаскені бүге-шүгесіне дейін зерттедім. Ол жерде әр түрлі айтуы, тіпті жер сілкінісі болып тұрады деуі мүмкін. Ол жерде бүгінгі күні зерттеліп жатқан басқа проблема бар. Бұл керемет елді мекендердің бірі – түгелдей көгалданған, жанында көл бар, жан-жақта газ анализаторлары орналасқан. Кешікпей ақырзаман орнайды деп сендіріп отырған 3-4 адам бар, аттарын атамай-ақ қояйын. Бұл сауатсыз, өте үстіртін, жағымсыз әрекет.

Естеріңізге салсақ, 2011 жылы Березовка тұрғындары алғаш рет поселкеде жер ойылып жатыр деп шағымданған болатын. Атап айтқанда, үйлердің бірінің іргетасының түбінде шұңқыр пайда болған. Ол бірер апта ішінде шағын үңгірге айналған. Нәтижесінде үй апатты жағдайда қалған.

Бір жарымнан он метрге дейінгі тереңдікте орын алған осындай ойықтар поселкеге жақын жерде түзілген. Березовка тұрғындары оларды мұнайдың қарқынды өндірілуімен байланыстырады. Өйткені бұл құбылыс мұнай өндірілетін аудандарда кең таралған.

Ал 2014 жылдың қарашасында Березовка мектебінде 19 бала мен үш ересек қатарынан естерінен танып құлады. БҚО прокуроры Серік ҚАРАМАНОВ комментарий бергендей, 27 қарашада ГП-3 қондырғысында «екі минутқа жалғасқан конденсат шығарындысы орын алған». Бұдан басқа, кеніш аумағынан 17, 18, 25 қарашада қондырғылардан шығарындылар фактісі анықталды.

Прокурордың айтуынша, Березовка селосындағы автоматты режимде ауадағы күкіртсутек құрамына бақылау жасайтын екі экологиялық мониторинг станциясының біреуі жөндеу жұмыстары салдарынан-мыс ажыратылып тасталған.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ


29 мамыр 2015, 11:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.