Атырау, 25 қараша 19:45
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Царнаевқа үкім ресми түрде 24 маусымда жарияланады

1 608 просмотра

Image 0АСТАНА. ҚазАқпарат - Джохар Царнаевқа өлім жазасы үкімі 24 маусымда ресми түрде жарияланады, деп хабарлады Росбалт.

Associated Press агеннтігінің хабарлауынша, федералдық судья Джордж О'Тул сот шешімін 24 маусым күні жариялауды тағайындады, ол сотталушының адвокаттарына 17 тамызға дейін іс бойынша өтініш беру үшін уақыт берілгенін атап өтті. Бостондағы лаңкестік актінің 20-ға тарта зардап шегушілері үкімді жариялау кезінде сөйлеуге тілек білдірді. Егер айтқысы келсе, Царнаевтың өзіне де сөз беріледі. 2013 жылғы 15 сәуірде

Бостондағы марафон кезінде екі жарылыс орын алды, оның салдарынан үш адам мерт болып, 280-і жарақаттар алды. Тергеу қолдан жасалған жарылыс құрылғысы іске қосылғанын анықтады. Тамерлан Царнаев ұстау кезінде қазаға ұшырады, оның інісі Джохар кейіннен полицияның қолына түсті. 2015 жылғы 15 сәуірде алқабилер алқасы 21 жастағы Царнаевты өлім жазасына кесті. Ол айыптаудың барлық 30 тармағы бойынша айыпты деп танылды, оның 17-сі осындай жаза беруді көздейді.

Дереккөз: inform.kz

29 мамыр 2015, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.