Атырау, 22 желтоқсан 19:35
 бұлттыВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Сейсенбіде күн көзіне қарамаңыздар

3 851 просмотра

Сейсенбі күні, 4-ші қаңтарда биылғы жылда алғаш рет жартылай күн тұтылмақ. Астрологтар жартылай тұтылған күнді бақылау адам денсаулығына ғана емес, оның тағдырына да кері әсерін тигізетінін растап отыр.

«АЖ» тілшісіне Фесенков атындағы алматылық Астрофизика институтының жетекші ғылыми қызметкері Любовь ШЕСТАКОВА әңгімелегендей, Атырауда күн тұтылуы сағат 12.55.35-те басталмақ. Оның жоғарғы фазасы сағат 14.24.24-ке тура келеді екен. Осы кезде күн беті 66 пайызға жабылады. Тұтылу уақыты сағат 15.48.47-де аяқталады. Тұтылу Еуропа мен Ресейдің батысында анық көрінетін болады. Ол жақта күн беті 86 пайызға жабылмақ.

Қаладағы оптика дүкендерінің біріндегі окулист-дәрігер артық қызығушылықтан бас тартып, тұтылған күнге қарамауға кеңес береді. Әсіресе күннің тұтылғанын алдын ала жарық сүзгісі орнатылмаған бинокльмен және телескоппен қараған қауіпті, лезде соқыр боп қалуы мүмкін екен. Тіпті күннің тұтылуына көз салғанның өзінде көздің мүйізгек қабығы мен көздің ішкі тор қабығы қатты зақымданатын көрінеді. Күйік алу нәтижесінде қайтымсыз процесс орын алып, бұрынғы көру жітілігіңізді қалпына келтіру мүмкін болмай қалады екен.

Ал осы институттың астрономдары телескоп арқылы күнді өміріңде тек екі рет - әуелі оң көзбен, содан соң сол жақ көзбен қарауға болады деп әзілдейді. Алайда жасырынған күн көзін қатты көргіңіз кеп бара жатса, ең қауіпсіз құрал – металл дәнекерлеушінің бетпердесін қолдануға кеңес береміз.

Л.Шестакованың айтуынша, 2011 жылы бар болғаны алты рет тұтылу құбылысы орын алады. Оның төртеуі жартылай күннің және екеуі толықтай айдың тұтылуы екен.

Анастасия ПАСТУХОВА

30 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.