Атырау, 25 сәуір 20:09
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Кенжетай Рамазанов«Жыл кәсіпкері» атанды

3 396 просмотра

Өткен жұма күні дәстүрлі «Жыл кәсіпкері-2010» шарасы болып өтті.

«Асүй мен сервис шебері» номинациясы бойынша Мұрат АЙТБАЕВ басшылық ететін «Ай-Жан» мейрамхана кешені үздік деп танылды. Қызмет көрсетуді көп қабатты үйдің бірінші қабатындағы шағын кафеден бастаған «Ай-Жан» кешені бүгінде қаладағы ең танымал орындардың біріне айналды.

Сонымен түрлі номинациядағы марапаттарға тоқталсақ:

«Қызмет көрсету саласы»- «Баттерфляй» шаштаразынан Альфия БАЙРАМОВА. Альфияға келушілер бір ай бұрын жазылып қояды екен.

«Отбасылық бизнес»- ағайынды тоғыз БАЛЖІГІТТЕР. Ағайынды жігіттербірнеше – құрылыс, өндіріс, қоғамдық тамақтану, экология бағыттары бойынша жұмыс істейді. Нысандары ауданда да, облыс орталығында да орналасқан.

«Сауда көшбасшысы»- «Атаба» компаниясының тобынан Асқар ТАУБАЕВ. Бұл компания күн сайын облыс бойынша мыңнан аса дүкендерге азық-түліктерді жеткізуді қамтамасыз етіп отырады.

«Бизнес жәнеспорт»– «РимСтрой»ЖШС, директоры Рафхат ЖҰМАҒАЛИЕВ. Бұл мекеме көптеген жергілікті спортшыларға демеушілік көрсетеді.

«Атырауда жасалған»- «Жиһаз Инвест» ЖШС-нен Марат ЕЛЕУСІНОВ. Компания жергілікті өндіруші боп табылады, бұл «СТ KZ» сертификатымен расталған. Үйге, кеңселерге, оқу және медицина орындарына арнап жиһаздар шығарады.

«Жыл құрылысшысы»- «АтырауЭнергоТехСервис» ЖШС-нің директоры Ихлас ҚАЛИЕВ. Құрылыс-монтаждау және жөндеу-пайдалануға беру, көлік жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарымен айналысады. Аджип ККО, ТШО кәсіпорындары бұл кәсіпорынмен келісім-шарттар жасаған.

«Шаруа қожалығы»- «АтырауАгроӨнімдері» ЖШС-нің, директоры Владимир РОЗМЕТОВ. Төрт жыл ішінде бұл қожалық шошқа өсірумен, құс өсірумен, ара өсірумен, бекіре тұқымдас балықтарды өсірумен және т.б. айналысатын ірі шаруа қожалығына айналған.

«Кәсіпкер әйел»-«ЭйЭлСиСи»ЖШС-нің директоры Людмила ЛИ. Серіктестіктің лингвистикалық және компьютерлік орталығы бар. Қазақ, ағылшын, француз, орыс тілдерін оқытумен айналысады. Лингвистикалық орталықта ағылшын тілді театр студиясы бар.

«Кәсіпкер-2010» номинациясы бойынша жеңісті Кенжетай РАМАЗАНОВ басшылық ететін «Альянс СК» ЖШС иеленді. Серіктестіктің негізгі қызмет көрсету түрі – ПВХ материалынан, алюминийден жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларды өндіру және монтаждау, ғимарат қасбеттерін қаптау. «Альянс СК» ЖШС мамыр айында шыны пакеттерін өндіру цехын іске қосқан болатын.

Тамара СУХОМЛИНОВА

30 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.