Атырау, 22 желтоқсан 19:14
 бұлттыВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Қалалық әкімдік 2010 жылдың қорытындысын жасады

4 149 просмотра

27 желтоқсанда Құрманғазы атындағы Мәдениет үйінде қалалық әкімдік дәстүрлі жаңажылдық «Жыл қорытындысы-2010» салтанатты рәсімін өткізді.

15 номинацияда төмендегідей қала тұрғындары үздік деп аталды. «Үздік мәдениет қызметкері» - Павел СКЛЯРЕНКО, «Үздік кітапханашы» - Галина ЕРҒАЛИЕВА, «Үздік мұғалім» - Мария МАШРАЛИЕВА, «Үздік спортшы» -  Болат ІЗБАСҚАНОВ, «Үздік дәрігер» - Мұрат ҚАЙРАЛИЕВ, «Үздік дәрігер-эпидемиолог» - Қаламқас АМАНЖОЛОВА, «Үздік әлеуметтік қызметкер» - Мереке ЖАҢБЫРБАЕВ, «Үздік құқыққорғау органының қызметкері» - Гүлзура ТҰРҒАНТАЕВА, «Үздік кәсіпкер» - Әлпия МҰХАНОВА, «Үздік ауыл шаруашылық қызметкері» - Өтеміс ЖҰМАҒАЛИЕВ, «Үздік құрылысшы» - Айгүл БЕЙСЕБЕКОВА, «Үздік сәулетші» - Самат ӘДІЛОВ, «Үздік телеоператор» - Қанат ЕЛЕУОВ, «Үздік мемлекеттік қызметкер» - Гүлмаржан ТАҒАНБАЕВА, «Үздік селолық округ әкімі» - Хамит НҰРҒАЛИЕВ.

Ал «Жыл адамы» деп жас дзюдошы, Азия чемпионы және әлем чемпионатының күміс жүлдегері Наурызбек МАЙЛАШЕВаталды. Спортшының өзі қазір Біріккен Араб Әмірлігіндегі сайысқа қатысуда, оған берілген пәтер кілтін Атырау қаласының әкімі Мереке ЕСМҰРАТОВ оның өкіліне табыстады. Қалғандарына теледидарлар тарту етті.

Бұдан басқа, қалалық мәслихаттың шешімімен Атыраудың құрметті азаматтары деген атақты қаланың бұрынғы әкімі, мәжілісмен, қазіргі мұнайшы Нұрпейіс МАХАШЕВ, зейнеткерлікке шыққан теміржолшы Амангелді СЕЛБАЕВ, АГУ ректоры Төлеуіш СЕРІКОВ және еңбегі сіңген педагог Миллят САБИРОВА иеленді.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

30 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.