Астана. 15 сәуір. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. Қазақстанда 1 шаршы м жылжымайтын мүліктің құны 2014 жылдың басынан бері долларлық көріністе біраз төмендеді, бірақ теңгемен қымбаттауын жалғастыруда, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов.
«Тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі бізде бірінші тоқсанда 20%-ға өсті, және де тапсырылатын баспананың аумағы 2 млн 702 шаршы метрді құрады, оның ішінде 1 млн 164 шаршы метрі ол – жеке тұрғын үй және 836 шаршы метр – көппәтерлі үйлер. Жалпы алғанда теңгелік көріністе баға ағымдағы жылдың басынан бері қарай 1,8%-ға артқан және наурыз айында орташа есеппен елде бір шаршы метрге 225 мың теңгені құраған, бірақ бұл өсім теңгемен ғана. Сонымен қатар, егер өткен жылғы теңгенің айырбас бағамының түзетімін, сондай-ақ бағамның биыл біршама өзгеруін ес керетін болсақ, онда жалпылай айтқанда долларлық көріністе біраз төмендеген», - деді Ә. Смайылов сәрсенбідегі баспасөз мәслихатында.
«Теңгелік көріністегі тұрғын үй бағасының ең көп артуы қалалардың ішінде ағымдағы жылдың басынан бері Атырауда байқалған, мұнда бағалар 3 айда бастапқы нарықта 10%-ға өскен. Егер өңірлер бойынша бағалардың деңгейіне қарайтын болсақ, онда жоғарылау бағалар Астанада – бір шаршы метрге 303 мың теңге, Алматыда – 287 мың, Атырауда – 271 мың теңге, ал ең төмен бағалар Жезқазғанда, Тараз бен Талдықорғанда, оларда бір шаршы метрге 90 мың теңге деңгейінде», - деп толықтырды ол.
Оның айтуынша, комитеттің бақылап отырған тұрғын үйінің құрылымында 12,5% бизнес-кластағы жылжымайтын мүлікке келеді, 87,5% - эконом-класқа, сондай-ақ 25% таза әрлеуге, 62,5% - жақсартылған бастапқы әрлеуге, 12,5% - бастапқы әрлеуге.
Дереккөз: ҚазТАГ