Атырау, 27 қараша 04:24
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды

1 915 просмотра

Image 0«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізді, аталған жиналыста ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі 2016 жылдың 13 сәуіріне дейін жалғасатын жаңа құрамы сайланды деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Акционерлер жиналысының шешімі бойынша «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ («ҚМГ ҰК») атынан ҚМГ БӨ директорлар кеңесіне Бимағамбетов Тимур Мустахиұлының орнына ҚМГ ҰК операциялық және өндіруші активтер бойынша басқарушы директоры Кёртвуд Хиллман енді.

ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің 2015 жылдың 14 сәуіріндегі жағдай бойынша құрамы:Кристофер Хопкинсон – ҚМГ ҰК өкілі, ҚМГ ҰК басқарма төрағасының бірінші орынбасары – ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің төрағасы;Кёртвуд Хиллман – ҚМГ ҰК өкілі, ҚМГ ҰК операциялық және өндіруші активтері бойынша басқарушы директоры;Әсия Сырғабекова – ҚМГ ҰК инвестициялар мен тәуекелдерді басқару жөніндегі басқарушы директоры;Ержан Жанғауылов – ҚМГ ҰК өкілі, ҚМГ ҰК құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры;Абат Нұрсейітов – ҚМГ БӨ бас директоры (басқарма төрағасы);Филипп Дэйер – тәуелсіз директор;Эдвард Уолш – тәуелсіз директор;Аластэр Фергюсон – тәуелсіз директор.

Сол күні өткен директорлар кеңесінің кезектен тыс отырысы барысында ҚМГ ҰК басқарма төрағасының бірінші орынбасары Кристофер Хопкинсон ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің төрағасы және директорлар кеңесі тағайындау комитетінің мүшесі болып қайта сайланды.Сол күні ҚМГ БӨ директорлар кеңесі комитеттерінің отырыстары өтіп, ҚМГ БӨ директорлар кеңесі комитеттерінің төрағалары сайланды.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

15 сәуір 2015, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.