Атырау, 27 қараша 04:41
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Венада Рахат Әлиевтің ісіне қатысты сот басталды

2 116 просмотра

Image 0Венада Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевтің ісіне қатысты сот басталды, - деп хабарлайды AFP. Еске сала кетейік, Рахат Әлиев 23 ақпан күні түнде асылып тұрған жерінде табылған болатын.

Сот алдында Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Әлнұр Мұсаев пен Қазақстан Президенті күзетінің бұрынғы қызметкері Вадим Кошляк жауап беріп жатыр. Олар Рахат Әлиевпен бірге адам ұрлап, 2007 жылы Нұрбанктың топ-менеджерлерін өлтірді деп айыпталып отыр. Алдағы 26 күнде 60-тан аса куәгерден жауап алынады деген жоспар бар, олардың көпшілігі Қазақстаннан ұшып барады. Бұған дейін бұл істің австриялық әділет тарихындағы ең күрделі істің бірі болатыны хабарланған еді.

Еске сала кетейік, Рахат Әлиев Венадағы Йозефштадт түрмесінде қайтыс болды. Ол 23 ақпанда түнде асылып қалған күйі табылды. Кейін Австрияның әділет министрлігі бұрынғы елшінің өз-өзіне қол жұмсағанын ресми түрде растады. Құқық қорғау органдары Рахат Әлиевті өткен жылдың 5 маусымы күні Венада ұстаған еді. ҚР Бас прокуратурасы оны ұстауға "Нұрбанк" АҚ топ-менеджерлері Темірәлиев пен Хасеновті ұрлау мен өлтіруге қатысты тергеу материалдары негіз болғанын хабарлады. Қазақстанда бұрынғы елшіге 40 жылға бас бостандығынан айыру сырттай жазасы кесілген болатын.

Дереккөз: tengrinews.kz

15 сәуір 2015, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.