Бұдан былай Қазақстанда мотоцикл, скутер, трицикл, квадроцикл және мопедті басқару үшін жүргізуші куәлігін алу міндеттеледі. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне ІІМ әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина мәлім етті.
«Егер бұрын қозғалтқыш көлемі 50 текше см-ден кем мотокөлікті айдау үшін жүргізуші куәлігі талап етілмесе, қазір көліктің аталған санатында қозғалтқыш көлемі бойынша төменгі шек белгіленбеген. Яғни қозғалтқыш көлеміне қарамастан, егер сіздің мотокөлігіңіз жылдамдықты сағатына 50 шақырымға арттырса, жүргізуші куәлігінің болуы міндеттеледі», - деп түсіндірді И.Лукьянина.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес «А1» санатты жүргізуші куәлігін 16 жасқа толған, ал «А» санатын 18 жастағы тұлғалар ала алады.
«Бұған қоса, мотокөлігі бар жүргізушілер көлікті әкімшілік полицияда есепке қойып, мемлекеттік нөмір белгілерін алуы тиіс», - деп нақтылады баспасөз хатшысы.
Дереккөз: bnews.kz
14 сәуір 2015, 15:44
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.