Атырау, 27 қараша 04:29
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

​Жетісу өңірі баламалы энергия көздерін өндіретін жасыл аймаққа айналуы мүмкін

7 541 просмотра

Image 0Өзен-суға бай Жетісу өңірі болашақта шағын су электр стансаларын салу арқылы баламалы энергия көздерін өндіретін жасыл аймаққа айналуы мүмкін. Зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, күн мен желдің қуатын есепке алмағанда Алматы облысының өзендерінде 1800 мегаваттық 158 нысан салуға мүмкіндік бар.

Қапшағай – күн нұрына бай өлке. Сол себептен күн стансаларын салуға ниет танытып отырған инвесторлар бар. Қуаты 2 мегаваттық Қазақстандағы бірінші күн стансасы жарты жылдың ішінде 1 миллион 200 мың киловатт электр қуатын өндіріп, 37,5 миллион теңге пайда әкелген. Енді отандық инвестор мұнда 50 мегаваттық күн стансасын салуды жоспарлап отыр. Ілияс Сүгіров, Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары: - 500 га-ның 200 гектардай жерін күн сәулесінен қуат алатын станция салуға бердік. Бізде «Новые технологии» барлық құжаттарды дайындап жатыр. Биыл жұмысты бастаймыз деген жоспар бар. Әлеуеті зор аймақта жасыл энергияны одан ары дамыту мүмкіндігімен танысу мақсатымен өңірге келген энергетика министрлігінің өкілдері іске қосылған 17 нысанды аралап, жергілікті билік өкілдерімен кездесті. Ортақ мақсат – инвесторларға қолайлы жағдай туғызу. Айнұр Соспанова, ҚР энергетика министрлігі ЖЭК департаментінің директоры: - Қазақстанда мұндай жобаларды жүзеге асыруға барлық жағдай жасалған. Біріншіден, арнайы заң қабылданды, екіншіден, тариф 15 жылға беріледі. Үшіншіден, мемлекет баламалы энергия көздерінен өндірілген қуаттың 100%-ын сатып алады. Десек те, шағын су электр стансаларын салуға инвесторлар асықпай отыр. Еңбекшіқазақ ауданында осындай нысан салған, энергетика саласының ардагері Кенжемұрат Дүкенбаевтың пікірінше, бұған ең алдымен әкімшілік кедергілер себеп. Жалпы шағын су электр стансасы – әжептәуір пайда әкелетін бизнес. Бүгінде Есіктегі нысан 6 мегаватт өндіріп, аудан орталығының тең жартысын электр қуатымен қамтамасыз етуде. Ал одан түсетін пайда ай сайын табыстың 15%-ын ауданның әлеуметтік саласына жұмсауға мүмкіндік беріп отыр. Инвесторларды ойландырып отырған – құжаттарды рәсімдеу машақаты. Министрлік өкілдері бұл мәселені жоғары жаққа жеткізуге уәде берді.

Дереккөз: 24.kz


14 сәуір 2015, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.