Атырау, 5 қазан 16:17
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

​Литва EXPO-2017 көрмесіне қатысады

1 395 просмотра

Image 0Литва 2017 жылы Астанада өтетін EXPO көрмесіне қатысатын болды. Бұл туралы Халықаралық көрменің комиссары Рәпіл Жошыбаевқа Литва Республикасы Үкіметінің Канцлері Альминас Мачюллис жеткізді.

Қазір Литваның ғалымдары қуат көздерін өндіру жұмыстарын өз аймақтарында жандандыру жолында жұмыс атқаруда. Олар күн сәулесінен және желден биоэнергия алу саласында біраз табыстарға жеткен. Енді ол жұмыстарын Астанада өтетін көрмеге алып келуді көздеп отыр. Біздің арнаға берген сұхбатында Литва үкіметінің Канцлері EXPO-ға қатысуға билік пен жеке компаниялардың назарын ерекше аударып отырғандығын атап өтті. Альминас Мачюлис, Литва Республикасы Үкіметінің Канцлері: - Менің ойымша, бұл тақырып дер кезінде көтеріліп отыр. Тым қажет әрі тың тақырып деп айтуға да болады. Көптеген мемлекеттің, мысалы, мұнайға бай, энергетика көздері көп Қазақстан секілді өздері де қоршаған ортаға зиянсыз болашақтың энергетикасына мүдделі, ал біз секілді табиғи ресурсы жоқ елдері тіпті қуанады. Рәпіл Жошыбаев, EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары: - Біздің көрменің тақырыбы – «Болашақтың энергиясы».Қазір бұған қызығушылық танытып отырған елдер көп. Бұл болашақтың жұмысы сондықтан да түрлі бағытта көптеген компания жұмыс атқармақ. Қаншама ғалымдар қатысады, сондықтан да олар өздеріне қажетті адамдарды тауып келісім түзері сөзсіз. Литваның компаниялары EXPO көрмесі үшін қазірден өз қызметтерін ұсынуда. Өз кезегінде көрме комиссары Рәпіл Жошыбаев, Қазақстан қызықты жобалар мен ең креативті идеяларға таңдау жасайтынын жеткізді.

Дереккөз: 24.kz

14 сәуір 2015, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.