Атырау, 27 қараша 04:27
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қазақстанда тұтынушылық несие портфелі 54 млрд теңгеге қысқарды

2 868 просмотра

Image 0Қазақстанда тұтынушылық несие көлемі төмендеп жатыр. Ақпан айының қорытындысы бойынша берілген қарыз сомасы 2,53 трлн теңгені құрады, ал қаңтарда 2,55 трлн теңге болған еді, деп хабарлайды BNews.kz.

Ranking.kz-тің тұтынушылық несие өсімі бойынша жасалған есебінде көрсетілген мәліметтерге сүйенсек, бар болғаны 2 ай ішінде тұтынушылық несие портфелі 54 млрд теңгеге азайған.

2015 жылдың ақпанында тұтынушылық қарыз көлемі 23,6 млрд теңгеге қысқарды. Тек СҚО (0,3 млрд теңге, 39,1 млрд теңгеге дейін) мен Атырау облысында (22 млн теңге, 117,3 млрд теңгеге дейін) ғана оң көрсеткіш байқалады.

Ал тұтынушылық несие ең көп азайған өңірлер – Алматы минус 7,3 млрд теңге, 945,5 млрд-қа дейін, ШҚО – минус 3,16 млрд теңге, 139,6 млрд-қа дейін және Астана – минус 2,95 млрд теңге, 198,9 млрд-қа дейін.

Дереккөз: bnews.kz


14 сәуір 2015, 11:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.